08 қар, 2020 сағат 11:36

Алматыда дәмхананың қоршауын бұзып қашқан адамдар видеоға түсіп қалды

Алматы полициясы карантинге байланысты рейд кезінде дәмхананың қоршауын бұзып, тесіктен қашқан клиенттерді ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Куәгерлердің айтуынша, оқиға «Bla bla bar» кафесінде болған. Видеоға мониторинг тобы кіргенде кафенің қоршауын қирата қашқандар түсіп қалған. 

Қалалық ПД баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл оқиға Қ.Сәтпаев пен Достық көшесінің қиылысындағы дәмханада болған. 

«Полиция «Bla bla bar» дәмханасын тексеруге барғанда санитарлық талаптардың орындалмағаны анықтады. Карантин жайлы ешкім ойланбаған. ПБ бөлімшесіне 51 адам жеткізілді. Олар ҚР ӘҚбК-нің 425-бабымен әкімшілік жазаға тартылды. Сонымен қатар, дәмхана басшылығына қатысты шара қабылданды. Полиция қызметкерлерін көрген кейбір клиенттер қоршауды қирата қашқан», - деді Медеу аудандық ПБ басшысы Дәурен Өтебаев.