Алматыда халық арасында «барахолка» аталып кеткен базардағы сауда үйі өртке оранды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«16.26-те 101 кезекші пультіне Жетісу ауданындағы «Байсат» базары өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер 7 минут ішінде оқиға орнына жетті. Қазір қосымша күштер шақырылып жатыр», - деді қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.
Оның айтуынша, қазір тілсіз жау ауыздықталып үлгерді.