01 шіл, 2020 сағат 11:10

Алматыда ауасы ең лас жер анықталды

Алматыда бір аптада ауа ластану көрсеткіші 46 рет қалыпты деңгейден асқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Казгидромет» РМК елдегі атмосфералық ауаның тазалығы көрсеткішін жариялады. 

2020 жылы 23-29 маусым аралығында Қызылорда, Петропавл, Павлодар қалаларында бір рет те ауаның ластану шекті көрсеткіші тіркелмеген.

Атырауда шекті көрсеткіштен ауаның ластануы 111 рет асқан.

Ақтөбе қаласында 40 жағдай тіркелген. Әсіресе Шанхай 4 ауданында Рысқұлов көшесі ауданында ауаның ластығы байқалған.

Нұр-Сұлтан қаласында ауаның ластануының шекті көрсетіші 165 рет қалыптан асқан.

Ауа Ақжол көшесі (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналды базары маңында лас болған.

Алматыда ауаның ластану көрсеткіші 46 рет қалыптан асқан. Ең жоғары көрсеткіш Бостандық ауданындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті маңында тіркелген. 

Балқаш қаласында ауа ластануының 61 жағдайы тіркелді.

Ауа Ленин көшесінің маңында өте лас болған. Қазақстанның басқа қалаларында ауаны ластайтын жекелеген заттардың қалыпты нормадан асуы байқалмаған.