25 сәу, 2020 сағат 17:15

Алматыда 97 жастағы зейнеткерден коронавирус анықталды

Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңадан 23 жағдайы анықталды, оның барлығы - індет жұқтырған науқаспен байланыста болғандар. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Олардың ішінде 17 әйел, 5 ер адам және 6 жасар бала бар. Жаңадан анықталғандардың арасында 97 жастағы зейнеткер әже де бар», – деп хабарлайды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні жұқпалы аурулар стационарларында 717 адам бар. Науқастардың жай-күйі әзірге өзгеріссіз, бір адамда – өте ауыр, 23 адамда – ауыр, 200 адамда – орташа ауырлық дәрежесінде, қалғандарында – қанағаттанарлық.

Жалпы, 25 сәуірге Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 814 жағдайы тіркелді.