08 мау, 2020 сағат 16:45

Алматыда 800 мың адам жұмысына қайта кірісті

Алматыда 800 мың адам қалыпты жұмысына оралды. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифинг барысында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жалпы, Алматыда карантинге дейін 940 мыңға жуық адам жұмыс істейтін. Оның ішінде 600 мыңға жуық адам шағын және орта кәсіпкерлікте еңбекпен қамтылған. Карантин кезінде жұмыс орындары қысқарды. Ал 240 мыңға жуық кәсіпкер карантин кезінде де жұмысын тоқтатқан жоқ. Бүгінде көп салалар ашылып жатыр. Адамдар жұмыстарына қайта кірісті. Сауда орталықтары мен базарлар аудиттен өткен соң, қайта ашылды. Бүгінгі таңда қалада 800 мыңға жуық адам карантиннен кейін жұмыстарына оралды», - деді Еркебұлан Оразалин.