Алматыда сәуірде коронвируспен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге 1 млрд 500 млн теңгеден астам үстемеақы төленеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазір Алматы әкімдігі жанында коронавируспен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге үстемеақы тағайындау бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Осы комиссияның шешімімен наурызда 3700 медициналық қызметкерге 1 млрд 134 млн теңге төленген болатын. Ал сәуірде бұл комиссия 4400 астам медициналық қызметкерге 1 млрд 500 млн теңгеден астам үстемеақы төлеу туралы шешім шығарды», - деді Тілеухан Әбілдаев.
Басқарма басшысының айтуынша, қазір коронавирус жұқтырған медициналық қызметкерлерге үстемеақы төлеу бойынша басқа комиссия құрылған.