20 сәу, 2020 сағат 17:48

Алматыда 3 жасар бала коронавирустан жазылып, үйіне шықты

Алматыда 4 науқас коронавирустан сауығып, үйіне шығарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Алматыда тағы 4 адам Covid-19 жазылып, ауруханадан шыққан. Оның екеуі - 2017 және 2009 жылы туған балалар. Еркек пен әйелдің жай-күйі ауруханаға түскенде екі жақты полисегментті пневмонияның болуына байланысты ауыр деп бағаланған. 

«38 жастағы ер адам 10-14 сәуір аралығында өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған еді. Бүгінгі күні ол сауығып, өзін жақсы сезінуде», - деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Жалпы мегаполисте емханадан шығарылғандар саны - 88 адам.