Алматыда дүкен шатырына шығып, секірмек болған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
21 жастағы жігіт төбеден секіремін деп қорқытқан. Бұл видео әлеуметтік желіде тарады.
«21 жастағы жігіт дүкен төбесіне шығып, секіруге оқталған. Алайда, құтқарушылар қайғылы жағдайды алдын алды. Жас жігіт осы дүкенде жұмыс істейтін ғашығының назарын аударғысы келген», - деді баспасөз қызметінен.
Бұл дерек ҚР ҚК 105- бабымен сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді.