10 там, 2021 сағат 11:30

«Алматы-Тбилиси» рейсіндегі ұшаққа найзағай түсуі белгілері анықталмады


«Алматы-Тбилиси» рейсіндегі ұшаққа найзағай түсуі белгілері анықталмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұдан бұрын желіде «Алматы-Тбилиси» рейсіндегі ұшаққа найзағай түсуі мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. 

Осы жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі түсінік берді. 

«9 тамызда «Алматы-Тбилиси» бағдары бойынша KC139 рейсін орындайтын борт сағат 20:30 кезінде ұшып, найзаға түсті деген күдікпен қайта оралды. Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер болмады. Бортты ауыстырғаннан кейін, жолаушылар сағат 00:40-та аталған бағытта қайта ұшып шықты. Ұшаққа қатысты инспекция жүргізіліп, назағай түсу жағдайы анықталмады. Осы орайда әуе кемесі рейстерде пайдалануға жіберілді», - деп нақтылады баспасөз қызметі.