04 ақп, 2026 сағат 15:32

Алматы тауларындағы қар барысы спутник арқылы бақылауға алынды


Фото: ашық дереккөз


Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында қар барысын қорғау және бақылау мақсатында жыртқышқа спутниктік қарғыбау орнатылды, деп хабарлайды Ult.kz.


Жақында Үлкен Алматы шатқалында жемтігін жеп жатқан жыртқыш туралы ақпарат әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті. Келесі күні бұл жерге келушілер саны арта түскен. Парк әкімшілігі мұндай әрекеттер жануар үшін күйзеліс тудырып, адамдардың қауіпсіздігіне де қауіп төндіргенін айтады. 


Осыдан кейін мамандар қар барысын қорғау және ықтимал қауіптің алдын алу мақсатында оны уақытша аулау туралы шешім қабылдаған. Жануарға қысқамерзімді наркоз беріліп, спутниктік қарғыбау тағылған. 


Сондай-ақ денсаулығын бағалау үшін биоматериалдар алынды. Барлық рәсім халықаралық ветеринариялық және этикалық стандарттарға сай жүргізілген.