30 сәу, 2020 сағат 12:28

Алматы облысында жазылып шыққандар саны 12-ге жетті

Алматы облысында Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының екі тұрғыны коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

1993 және 1999 жылы туған пациенттер Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасынан шығарылды.

COVID-19 инфекциясының бар-жоқтығын анықтау үшін қайталай жасалған талдау екеуінің де ем алғаннан кейін толық айыққанын анықтаған.

Атап өтсек, 30 сәуірде Алматы облысында коронавирустан айыққандар саны 12-ге жетті.