23 мау, 2020 сағат 13:57

Алматы облысында үлгілі полицейлердің ата-аналарына алғыс жарияланды

Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен және Полиция департаментінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарып, кәсібилік танытқан, қызметте жоғары көрсеткіштер көрсеткен Алматы облысының 650-ден астам тәртіп сақшысы марапатталды. Сондай-ақ полицейлердің 44 ата-анасына алғыс хат табысталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Бүгін 23-маусым күні Полиция департаментінде онлайн режимінде салтанатты іс-шара өтті. Аталған іс-шараға Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Серік Кудебаев, ардагерлер кеңесінің өкілдері, Департамент қызметтері мен бөлімшелерінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты. 

«Алматы облысының Полиция департаменті-жоғары дәрежелі кәсіби мамандар жұмыс істейтін кадрлық әлеуеті жоғары және заманауи техникалық базасы бар қуатты полиция мекені. Олардың жетістігінің басты кепілі- ұрпақ сабақтастығы жинақтаған баға жетпес тәжірибе. Қазіргі уақытта жиырмаға жуық қызметкер наградаға ие болды. Қызметтік борышын атқару кезіндегі адал еңбегі, ерлігі мен батылдығы үшін 4 қызметкер «Ерлігі үшін« мемлекеттік наградасымен марапатталды», - деп атап өтті Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Серік Кудебаев.

Сонымен қатар, 61 қызметкер алғыс хатпен, 63 тәртіп сақшысы грамоталармен марапатталды, 18 полиция қызметкеріне алғыс жарияланды, сондай-ақ 428 үміткер өздерінің алғашқы арнайы офицерлік атақтарын алды. Сондай-ақ, 7 қызметкер кезекті әскери атағын мерзімінен бұрын алды. Бұдан өзге, қызметте жақсы көрсеткіштер көрсеткені үшін 30-дан астам қызметкердің бұрын жарияланған жазалары алынып тасталды, 1090-нан астам қызметкер мерекелік ақшалай сыйақы иеленді.