04 мам, 2020 сағат 21:10

Алматы облысында КВИ анықталған алты кісі 42 адаммен байланыста болған

Алматы облысының Іле ауданында 6 тұрғын COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы да бұған дейін сырқаттанған науқаспен байланыста болғандар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар - 1992, 1983, 1984, 1985, 1984 және 1975 жылы туған азаматтар. Олармен 42 адам байланыста болған. Олар оқшауландырылып, індет ошақтарына дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық зерттеулер жалғасуда. 

6 науқас Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. 

Жалпы, Алматы облысында індет жұқтырғандар саны -156-ға, ал жазылып шыққандар саны – 30 ге жетті.