Бүгін Алматы облысында коронавирустың 13 жағдайы тіркелді.
Олардың 7-еуі Кеген ауданының, 5-еуі - Іле, 1-еуі – Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Олар Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандық орталық ауруханаларының инфекциялық бөлімдеріне жатқызылды.
Індет ошақтары дезинфекцияланды.
Науқастармен байланыста болған 12 адам да медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасады.
Жалпы Алматы облысында COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны 176-ке жетті, жазылған 40 адам.