16 сәу, 2020 сағат 12:21

Алматы облысында коронавирус диагнозымен анықталғанның бірі - жүкті әйел

Бүгін Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданының - 3 адамы, Кербұлақ ауданының 1986 жылы туған, жүктіліктің 23-24 аптасындағы 1 әйелдің коронавируспен ауырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір барлық науқастар Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Олардың байланыста болған адамдары анықталуда.

Жалпы 16 сәуір күнгі жағдай бойынша Алматы облысында індетпен ауырғандар саны 29 адамға жетті. Оның 7-еуі жазылып шықты.