Алматы облысында блокпостар қойылады деген ақпаратты әкімдік жоққа шығарды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Мессенджерлерде Алматы облысында блокпостар қайта қойылады деген ақпарат тарап жатыр. Алматы облысының ведомствоаралық комиссиясы бұл сұрақты қарастырмағанын және бұл ақпарат жалған екенін мәлімдеймін», - деп жазды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін өңірде жалпы 701 адам коронавирус жұқтырып, оның 574-і індеттен жазылып шықты. Қайтыс болды – 1 науқас.