Алматы облысында 34 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Өңір басшысының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, олар Іле, Кеген, Панфилов, Қаратал, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындары. Олардың ең кішісі – алты айлық сәби болса, ең үлкені - 71 жастағы зейнеткер. Пациенттер 15 мамырдан бастап Алматы облысындағы инфекциялық ауруханаларда ем қабылдаған. Қазір денсаулықтарына қатысты шағымдары жоқ.
Бүгінгі күні облыста 248 адам коронавирустан жазылып шықты.