#
#
Бейсенбі 01/10/2020

Алматы облысында 6 айлық сәби коронавирус жұқтырды

  • 22.05.2020
  • 0
  • 340

Бүгін Алматы облысында 24 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олар - Кеген, Іле, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындары. Науқастардың ең үлкені - 76 жастағы зейнеткер болса, ең кішісі - 6 айлық сәби, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастар медициналық комиссиядан өту , медициналық көмекке жүгіну және бұрын ауырғандармен байланыста болған азамат ретінде тексерілу кезінде анықталған. 

Қазір індет жұқтырғандар Талдықорғандағы әскери госпитальдің, Қарасай аудандық ауруханасының, Шелектегі аудандық аурухананың инфекция бөлімдеріне жатқызылды. 

Олармен 143 адамның байланыста болғаны белгілі болды. Барлығы оқшауланып, эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. 

21 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ инфекциясымен тіркелгендер саны 262-ге жетті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар