#
#
Бейсенбі 09/07/2020

Алматы облысы әкімінің аурухананың бір бөлімінде жалғыз жатқаны рас па?

  • 29.06.2020
  • 0
  • 227

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов аурухананың бір бөлімінде жалғыз жатыр деген ақпаратты әкімдіктің баспасөз қызметі жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Instagram желісінде 85 мыңнан астам оқырманы бар «Талдыкорганец» парақшасында Амандық Баталовтың аурухананың бір бөлімінде жалғыз ем алып жатқаны жарияланды.

«Баталов Талдықорған қаласында орналасқан көпсалалы ауруханада жатыр. Және ол сол блогта жалғыз жатыр. Соның салдарынан қарапайым науқастарды аудандарға жіберуде. Ол жерге тек бас дәрігер ғана кіріп-шыға алады» делінген авторы көрсетілмеген жазбада.

ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелге хабарласып, мән-жайды анықтап білді.

«Амандық Баталовтың Талдықорғандағы көпсалалы ауруханада жатқаны рас. Бірақ ол жалғыз өзі бір бөлімде жатыр деген ақпарат жалған. Ол кісімен бірге бір бөлмеде 11 адам ем алып жатыр. Олардың арасы арнайы жабдықпен бөлінген», - деді Ғалымұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусым күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар