02 қар, 2020 сағат 09:56

Алматы маңындағы атыс: Жарақат алғандар ауруханада жатыр

Алматы маңындағы демалыс орнында болған атыстан жарақат алғандардың жағдайы орташа ауыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі атап өткендей, 31 қазанда ауруханаға екі науқас келіп түскен. Оларға дәрігерлер оң жіліншігінің оқ жарақаты мен сол жақ жіліншігінің ашық оқ жарақаты, сол жақ асықты жілігінің сынығы деген диагноз қойды. 

«Екінші қарашадағы жағдай бойынша науқастардың жағдайы орташа ауыр, есін жиды. Хаттама бойынша ем алып жатыр», - дейді №4 аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Анарбек Монғол.

Айта кетейік, 31 қазан күні Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылындағы демалыс орнында атыс болды.