15 мам, 2020 сағат 10:10

Алматы қаласының салық органдары жаңа жұмыс режиміне көшеді

2020 жылдың 18 мамырынан бастап Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті жаңа жұмыс режиміне көшеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті төтенше жағдай режимінің аяқталуына және карантин мерзімін ұзартуға байланысты қызмет алушыларға қатысты жаңа ереже қабылданғанын хабарлайды. Сонымен, 18 мамырдан бастап мемлекеттік қызмет көрсету екі әдіспен жүзеге асырылады: байланыссыз және контактілі түрде.

Айта кету керек, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 84%-ы автоматтандырылған, 44 мемлекеттік қызметтің 37-ін электронды түрде алуға болады.

Электронды түрде жүзеге асырылмайтын мемлекеттік қызметтерді екі жолмен алуға болады: «электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш беру және алдын ала брондау арқылы келу негізінде», - деп хабарлады департаменттен.

Келу уақыты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, түскі үзіліспен 9-00-ден 18-30-ға дейін. Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары уақытша жұмыс істемейді.

Енді әр аптаның сәрсенбісінде Instagram платформасында Алматыдағы мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық және кеден заңнамасындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтарды қарастыру үшін салық төлеушілермен тікелей эфир өткізеді.

Салық төлеушілер тікелей эфирде спикерлерге сұрақтарын қоя алады.