Алматыда дәрігерлер салмағы 650 грамм, бойы 29 см болып шала туған нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургия орталығының қабылдау бөлмесіне үстіміздегі жылдың 11 ақпанында іштің төменгі жағы мен белінің ауырсынуына шағымданып, жүктілік мерзімінің 25 аптасындағы бір әйел келіп түсті.
Орталық дәрігерлері толғақты тоқтатуға тырысты, алайда ол әрекеттерінен ештеңе шықпады. 17 ақпан күні кешке пациентте толғақ қайта басталып дүниеге салмағы 650 грамм, бойы 29 см сәби келді.
Жаңа туған нәресте жетілмеген ағза мүшелері мен жүйелері аясында тыныс алу бұзылыстары есебінен өте ауыр күйде болды.
Шала туған баланың анасы Халида қызы үшін қатты уайымдады. Оның тірі қалу-қалмауы екі талай еді. Бақытына орай, әлсіз қызы дем алып жылай бастады.
«Басымнан өткен қиын күндерді, дұшпаныма да тілемес едім», – дейді Халида Якупова.
Дәрігерлер сәбиге дереу сурфактант енгізіп, жасанды желдету аппаратына қосу үшін бірден жан сақтау бөліміне орналастырды. Онда шала туған балаларға барлық жағдай жасалған. Әлсіз нәрестелер мұнда тиісті салмақ қосқанға дейін болады.
Ол 17-ші күні аппараттың көмегінсіз тыныс ала бастады. Хадиджа өз бетінше еме алмағандықтан оны асқазан зонтының көмегімен тамақтандырған.
Жаңа туған нәресте жансақтау бөлімінде бір айдан астам уақыт жатты, содан кейін нәрестелер патология бөліміне ауыстырды. Бастапқыда анасымен бірге қарқынды терапия палатасына тұрақты түрде бақылауда болды.
«Қазіргі уақытта жаңа туған нәресте емшекті жақсы емеді. Айтпақшы, қазір оның салмағы 1900 грамм болды. Баланың жай-күйі оң қарқынмен ауырлықтың орташа дәрежесінде деп бағалануда және жақын арада, егер бәрі жақсы болса, біз баланы үйне шығарамыз», – деді дәрігер Наиля Хайруллина.
Өз кезегінде, сәбидің анасы дәрігер Саният Сұлтановаға, Гүлмира Желдібаеваға, мейірбикелерге, санитарларға, психологиялық қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.
«Сол уақытта олар мені балаға қалай күтім жасау керектігін үйретті. Мен үлкен алғысымды білдіргім келеді, кәсіби дәрігерлер мен мейірбикелер арқасында менің қызым қазір менің қасымда. Кейде жылап, жақсы нәтижеге сенбеген кездерім болды, бірақ олар мені тыныштандырып, барлық жағдайда қолдау көрсетті» – деді Халида Якупова.