Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен кәсіпкерлікті дамытудың "Almaty Business – 2025" өңірлік бағдарламасына өзгерістер бекітілді. Осы бағдарламадағы негізгі өзгеріс жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін кепілсіз микрокредиттер беру бағдарламасын енгізу болып табылады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Кепілсіз микрокредиттер жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері үшін жыл сайынғы тиімді сыйақы мөлшерлемесі 12%, 24 айға дейінгі мерзімге және ең жоғары сомасы 6 000 000 теңгеге дейін қолжетімді. Бұл өнім ашық қызмет жүргізетін жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді қолдау құралдарының бірі болып табылады, өйткені екінші деңгейдегі банктерде кепілсіз кредиттеу бойынша мөлшерлемелер 17%-дан басталады және орташа алғанда 22-23%-ды құрайды.
Кепілсіз қарыз берумен "ALMATY BUSINESS – 2025" кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында құрылған "Алматы "ӘКК" АҚ компаниялар тобына кіретін "Almaty" микроқаржы ұйымы айналысады. Бүгіннің өзінде Алматы қаласының жеке кәсіпкерлері (ЖК) шағын несиеге арнайы нысан арқылы компанияның вебсайтына өтініш бере алады. Кепілсіз микрокредит алудың негізгі шарты Алматы қаласында кемінде 6 ай мерзімге кәсіпкерлік қызметті тіркеу және жүзеге асыру болып табылады, ал қажетті құжаттардың саны өте аз:
· Уәкілетті тұлғаның жеке куәлігі;
· Жеке кәсіпкерді тіркеу куәлігі;
· Табыс салығы бойынша салық декларациялары;
· Қызмет көрсететін банктерден банктік шоттардың болуы және ай сайынғы айналымдар туралы, соңғы он екі айдағы үзінді көшірмелер қоса берілген анықтамалар.
Айта кетейік, бұл құжаттардың барлығын жеке кәсіпкерлер тиісті базалардан-салық төлеушінің кабинетінен, қызмет көрсететін банктің онлайн-банкингінен түсіре алады, яғни қағаз құжаттарды нақты жинаудың қажеті жоқ.
Алматы қаласы шағын орта бизнес субъектілерін қолжетімді қаржыландыру түріндегі мемлекеттік қолдау "Almaty" және "Almaty Finance" МҚҰ-ның негізгі міндеті болып табылады, сондай-ақ жылдық 2% және 6% мөлшерлемелер бойынша жеңілдікті кепілдік кредиттер береді.
ALMATY BUSINESS – 2025 Шағын және орта бизнесті қолдау үшін кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы.
Almaty Business-2025 кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы бағытталған:
· бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға;
· қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру;
· әкімшілік кедергілерді азайту;
· оқыту;
· кәсіпкерлерді сүйемелдеу;
· инвесторлар тарту;
Almaty Finance ЖШС-кредиттік ұйым, "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы"АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады.
Almaty Finance Алматыдағы жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін баламалы қолжетімді қаржыландыру көзін ұсынады.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар – бұл өз қызметін тауарлар мен қызметтерді өндіру мен сатудан пайда табу мақсатында жүзеге асыратын орнықты бизнес-құрылымдар. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар коммерциялық корпорациялардан басты айырмашылығы – алынған пайда ӘКК мүддесі үшін құрылған өңір халқының әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени мақсаттарын іске асыру үшін қайта инвестицияланады.
Алматы "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы қаулысына сәйкес құрылды, Алматы қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 27 тамызда тіркелді. Алматы ӘКК-нің 100% акционері "Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" КММ болып табылады.
Алматы – Қазақстанның ірі экономикалық орталығы. Тұрақсыз экономикалық жағдайда мегаполис бизнес-бастамалар үшін ең перспективалы инвестициялық алаң болып қала береді. Алматы қаласының ЖӨӨ 2019 жылы 5,3 триллион теңге немесе ЖІӨ-де 18,6%. ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі бойынша есепті жылы өңір республикада 42,9% көрсеткішімен 2-орынды алады. Бұл көрсеткіштің 2018 жылмен салыстырғанда 3,0 пайыздық тармаққа өсу үрдісі байқалды.
Алматы қаласында жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 195,6 мың бірлікті құрады. Шок құрылымында жеке кәсіпкерлер 61,1%-ды, шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 38,1%-ды құрады.