Алматы барахолкасында жаяу жүргіншіні көлік қағып мерт қылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде таралды. Кадр сыртындағы дауыста Солтүстік айналма жолында жолдан өткен адамды қағып кеткенін айтты.
«Жол апаты бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. «Isuzu» көлігі 47 жастағы ер адамды қағып кетті. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді қалалық Полиция департаментінің өкілі.