11 мам, 2020 сағат 11:03

Алматы әуежайының терминалына шығарып салушылар кіре алмайды

Алматыда шығарып салушыларға әуежай терминалының ғимаратына кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес, 11 мамырдан бастап жолаушыларға, әуежай қызметкерлері мен экипажға COVID-19 тестін міндетті түрде тапсыру талабы алынып тасталды. 

«Сонымен бірге, карантиндік талаптар (әлеуметтік қашықтық, анкеталар, маска режимі, байланыссыз термометрия) өз күшінде қалады. Сондай– ақ, шығарып салушыларға терминал ғимаратына кіруге тыйым салынады. Дене қызуы немесе ауру белгілері бар адамдар (жөтел, ентігу) әуежай ғимаратына кірмейді», – деп хабарлайды Алматы әуежайының баспасөз қызметі Facebook парақшасында.