Алп Ер Тунга Ерсой "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды.
«2021 жылғы 14 қыркүйектегі Директорлар кеңесінің шешімімен атқарушы органның құрамына келесі өзгерістер енгізілді: Призидент Эркал Кадри Мете шығарылды; Алп Ер Тунга Ерсой – президент болып тағайындалды», - делінген хабарламада.
Ашық дереккөздерден алынған мәліметке сәйкес, Алп Ер Тунга Ерсой TAV Kazakhstan-да 2021 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді. Бұған дейін ол TAV Urban Georgia (Грузия) компаниясында жоғары лауазымды қызмет атқарған. 12 жыл TAV Македонияда жұмыс істеген.
Эркал Кадри Мете 2021 жылдың мамырында Алматы халықаралық әуежайының президенті - бас директоры болып тағайындалған еді.
Айта кетейік, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде.
Еске салайық, сәуір айында TAV Airports (Groupe ADP құрамына кіреді) компаниясы сатып алуды аяқтап, елдің экономикалық астанасында орналасқан Қазақстанның ең көп жұмыс істейтін әуежайы – Алматы қаласы әуежайының операциялық қызметін басқаруды өз мойнына алған болатын.