13 қаз, 2022 сағат 09:43

Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды


Көлік полицейлері Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, желілік полиция басқармасының қызметкерлері ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, мемлекетаралық іздеуде жүрген 62 жастағы қылмыскерді Алматыдағы халықаралық әуежайдың шығарып салу залында ұстаған.

Ресей Федерациясының азаматы РФ Қылмыстық кодексінің 159-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.  Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Көліктегі полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтуынша, "Нелегал-2022" жедел-алдын алу шарасының екі күнінде Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 38 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған.