Фото: ИА «NewTimes.kz»
Астанада Талдыкөл көлінің жанында құжаты тұрғынүй құрылысына арналған учаскеде бетон зауыты салынып жатыр. Құрылыстың артында Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының ағайындарына қатысы бар компания тұр, деп хабарлайды Ult.kz newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Астанада Тұран мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысына жақын жерде бетон зауытына ұқсайтын өнеркәсіп нысаны салынып жатыр. Астананың құрылыс қарқынын ескерсек, бұл ғажап емес. Алайда, алаңдататыны – зауыттың Талдыкөл көлінен бірнеше ондаған метр қашықтықта орналасуы.
Фото: ИА «NewTimes.kz»