
Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов COVID-19 жеңудің 4 жолын атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біріншісі, вирус адам ағзасының ішінде өлгенде, яғни адам вирусты жеңіп, айығып шығады. Екіншісі, өкінішке орай вирус адаммен бірге өледі. Үшіншіден, вирус адам ағзасынан тыс жерде өледі. Кейбір деректерге сәйкес, коронавирус жұқпасы белгілі бір ылғалдылық деңгейінде ұзақ өмір сүре алады екен. Мысалы, есік тұтқаларында, ауладағы орындарда кездесуі мүмкін. Сол үшін тұрғындарға үйден шықпауға кеңес береміз.
Төртіншіден, осы вирусқа қарсы вакцина ойлап табылғанда вирусты толық жеңетін боламыз», - деді ол.
