10 маусымда Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына мегаполис тіршілігінің негізгі салаларын цифрландыру жобаларын таныстырды, деп хабарлады Алматы қаласының цифрландыру басқармасы.
Қала әкімінің айтуынша, Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызмет түрлерінің 90%-ы электрондық болып табылады, 150 қызмет түрі egov және мобильді құрылғылар арқылы қолжетімді. Сондай-ақ спорт нысандары, жаттықтырушылар, спортшылар туралы барлық ақпарат бір терезеде секцияға тікелей жазылу мүмкіндігі бар. Ал медицина саласында медициналық ақпараттық жүйелер арқылы 11 975 042 қызмет көрсетілді.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында еліміздің бас қалаларының бірі, мәдени астанасы Алматы қаласының да цифрлануы маңызды және жетекші орында тұрған мәселе. Қаламыздағы әр саланың цирлануы өз деңгейінде жүріп жатқанын хабарлағымыз келеді. Бір ғана медицина саласында медициналық ақпараттық жүйелер арқылы 11 975 042 қызмет көрсетілуінің өзі үлкен жетістік деп білемін. Ал мұндай саланың қаншамасы бойынша қандай қызметтер атқарылып жатқанын қала тұрғындары мен қонақтары көріп, біліп те жүр», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Алматы қаласының цифрландыру басқармасының хабарлауынша, басқарма 2GIS компаниясымен бірлесіп қала тұрғындары үшін жаңа сервисті іске асырды – 2GIS картасына емханаларда, мектептерде, сауда орталықтарында және тіпті ірі базарларда жұмыс істейтін 117 вакцинация пункті енгізілді. Жаңа сервистің арқасында қала тұрғындары үйден немесе жұмыс орнынан қадамдық қолжетімділікте вакцинация пунктін, қабылдау сағаттарын және осы ұйымдардың байланыстарын оңай таба алады.
Алдын ала жазылу кезінде қала тұрғындары вакцинаның түрін тегін таңдауға мүмкіндік алады.
«Сонымен қатар, "ақылды" жобалар қала тіршілігінің барлық салаларында енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, жол қозғалысын басқару, қоғамдық қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, пандемияның таралуын болдырмау салаларын қамтыған. Мысалы, "Сергек" жобасын іске асыру жолдардағы ЖКО саны мен өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік берді.
"Ақылды бағдаршамдар" трафиктің орташа жылдамдығын 15-20%-ға арттырады», - деді қала әкімі.
Айта кетейік, мұның алдында Алматы қаласының цифрландыру басқармасы "Зерде "ҰИХ" АҚ сервистік интеграторымен бірлесіп Алматы қаласының IT-архитектурасын әзірледі. Осы жұмыстар аясында мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне түгендеу жүргізілді, бұл қаланың түрлі салаларын цифрландырудың ағымдағы деңгейін бағалауға және Алматыны одан әрі дамытудың басымдықтарын айқындауға мүмкіндік берді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік органдардың азаматтармен және бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылын жақсарту үшін 2021-2025 жылдарға арналған "Ақылды қаланың" 49 басым жобасының тізімі қалыптастырылды. Соның нәтижесінде 2021 жылы Алматы спорт, білім беру, денсаулық сақтау саласында цифрландыру жұмыстарын жетілдірді.
Ал соңғы ақпаратқа сәйкес, жуырда International Data Corporation (IDC) халықаралық ақпараттық-талдау агенттігі өзінің әдіснамасына сәйкес Алматының "ақылды қала" ретінде кемелденуіне бағалау жүргізді. IDC әдістемесі 5 өлшем бойынша 19 критерийден тұрады: (1) пайымдау; (2) Мәдениет; (3) процестер; (4) технологиялар; (5) деректер.
Қорытынды баға әр критерий бойынша арифметикалық орташа мән ретінде есептеледі және 0-ден 5-ке дейін өзгереді. Бағалау нәтижелері бойынша 2021 жылы Алматы мүмкін болған 5 балдан 2.7 балл жинады. 2017 жылмен салыстырғанда қала "Конъюнктуралық" (opportunistic) деңгейінен "қайталанатын" (Repeatable) деңгейіне ауысып, нәтижені едәуір жақсартқан.
Айта кетейік, 2019 жылы Алматы қаласында тікелей қала әкіміне бағынатын Chief Digital Officer басқаратын цифрландыру басқармасы құрылды. Ал "ақылды" жобалар қала тіршілігінің барлық салаларында енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, жол қозғалысын басқару, қоғамдық қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, пандемияның таралуын болдырмау салаларын қамтыған. Мысалы, "Сергек" жобасын іске асыру жолдардағы ЖКО саны мен өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік берді.
"Ақылды бағдаршамдар" трафиктің орташа жылдамдығын 15-20%-ға арттырады.
Үлкен деректерді талдау және жасанды интеллект құралдарын қолдану жаппай жиналатын объектілердің мониторингін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Шешім қабылдау кезінде қала тұрғындарының пікірін есепке алу және корпоративтік басқару үдерісі жақсарды.
Деректерге негізделген басқарушылық шешімдер өз қолданысын табуда, тұрғындармен өзара іс-қимыл арналары құрылады, "бюджетке қатысу" сияқты құралдар енгізіледі, қала тұрғындары қалалық бюджеттен қаржыландыру үшін жобаларды өздері айқындайды.
Алматыда қызметтердің 90%-дан астамы электрондық форматта көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 10 маусымда Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына мегаполис тіршілігінің негізгі салаларын цифрландыру жобаларын таныстырды, деп хабарлады Алматы қаласының цифрландыру басқармасы.
Қала әкімінің айтуынша, Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызмет түрлерінің 90%-ы электрондық болып табылады, 150 қызмет түрі egov және мобильді құрылғылар арқылы қолжетімді. Сондай-ақ спорт нысандары, жаттықтырушылар, спортшылар туралы барлық ақпарат бір терезеде секцияға тікелей жазылу мүмкіндігі бар. Ал медицина саласында медициналық ақпараттық жүйелер арқылы 11 975 042 қызмет көрсетілді.