Алматыда коммуналдық қызмет өкілдері күз айында жолдарды жуған. Видео әлеуметтік желіде тарап, көпшілік оған қатысты кейістік танытты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қаласы Жетісу ауданының көгалдандыру және абаттандыру бөлімі мамандарының айтуынша, жолды «Алматы тазалық» кәсіпорнының жұмысшылары 1 қазанда кешкі 21:00 шамасында жуған.
«Жол жуу жұмыстары ауа температурасы плюс (жылы) болып тұрғанда жүргізілген. Сейфуллин даңғылының Жансүгіров көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі аралығы осы маусымда соңғы рет жуылды. Кәсіпорын тазалау жұмыстарын кешкі 22:00-ге дейін жүргізеді», - деді бөлімнің бас маманы Әлішер Әбдіқадыров.