08 мау, 2020 сағат 15:59

Алматы әкімдігі Барахолка жабылады деген ақпаратты жоққа шығарды

Алматы әкімдігі барахолка жабылады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз оны растамаймыз», - деді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында. 

Алайда, ол санитарлық талаптарды сақтамай, өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда үлкен, орта және шағын бизнес нысандарының жабылуы мүмкін екенін тілге тиек етті.