19 мам, 2022 сағат 10:29

Алла Пугачева Ресейге оралу туралы сұраққа жауап берді


РЕН ТВ телеарнасының тілшілері Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресейден алғашқылардың бірі болып кеткен әнші Алла Пугачева мен оның жары Максим Галкинді Израильден іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әнші "Жақын арада отаныңызға оралу жоспары бар ма" деген сұраққа жауап берді.

"Әрине! Демалыс аяқталады. 1 қыркүйекте балалар мектепке баруы керек. Қазір олар онлайн оқып жатыр", - деді Пугачева.

Алла Пугачева мен Максим Галкин балалары Лиза және Гарримен ақпанның соңында Ресейден кетіп қалған. Бұған дейін Галкин Украинадағы соғысқа қарсы пікір білдірген еді.