09 жел, 2021 сағат 19:33

Әлішер Ерғали аса ауыр салмақта Қазақстан чемпионы атағын иеленді


Нұр-Сұлтанда еркін күрестен Қазақстан біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кілемге ең соңғы болып 125 келідегі балуандар беттеген болатын. 

Бұл салмақтағы қола жүлдені ақтөбелік Юсуп Батырмұрзаев жеңіп алды. Маңғыстау облысының спортшысы Әлібек Сәрсенғалиев қола жүлде иеленді.

Ал финалдық кездесу Олег Болтиннің жарақатына байланысты өткен жоқ. Осылайша, Ерғали Әлішер чемпиондық атақты иеленді.