Фото: "Ордабасы" ФК баспасөз қызметі
Шымкентте жолдастық кездесу кезінде "Ордабасы" мен "Ақтөбе" жастар футбол командалары арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Оқиға салдарынан дене жарақатын алған қатысушылардың бірі ауруханаға жеткізілді.
"Ордабасы" командасының капитаны жанжалдың бастамашысы болғандығы анықталды. Ол қамауға алынды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу кешені жүргізіліп жатыр", - дейді полиция.
Полиция бұзақылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиғаның барлық қатысушысы полиция бөліміне жеткізілді.
