Фото: Арман Мухатов/baq.kz архиві
Қазгидормет алдағы күндерге Алматы мен Астанадағы ауа райы болжамын жасады, еліміздің кей аймақтарында қар аралас жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Ult.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
10 наурыз:
Ауа райы құбылмалы бұлтты. Кей уақытта қар жауып, боран соғады, тұман түседі.
Жел солтүстік-батыстан соғады: 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, күндіз кейде 23 м/с дейін күшейеді.
Ауа температурасы: түнде −8…−10°С, күндіз −6…−8°С.
11 наурыз:
Ауа райы құбылмалы бұлтты, түнде қар жауып, боран соғады.
Жел оңтүстік-батыстан: 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с.
Ауа температурасы: түнде −25…−27°С, күндіз −13…−15°С.
12 наурыз:
Бұлтты, қар жауып, боран болады.
Жел оңтүстік-батыстан: 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, кейде 23 м/с дейін күшейеді.
Ауа температурасы: түнде −13…−15°С, күндіз −3…−5°С.
Алматыдағы ауа райы болжамы
10 наурыз:
Бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр мен қар), күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын болады. Көктайғақ, кей жерлерде тұман түседі.
Жел солтүстік-батыстан: 3–8 м/с, екпіні 15–20 м/с.
Ауа температурасы: түнде және күндіз +3…+5°С, күндіз біртіндеп төмендейді.
11 наурыз:
Бұлтты, қар жауады, түнде кей уақытта қалың қар түседі. Тұман мен көктайғақ болады.
Жел солтүстік-батыстан: 3–8 м/с, кейде екпіні 15 м/с.
Ауа температурасы: түнде −8…−10°С, күндіз −5…−7°С.
12 наурыз:
Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады.
Жел солтүстік-шығыстан: 3–8 м/с, кейде екпіні 13 м/с.
Ауа температурасы: түнде −12…−14°С, күндіз −3…−5°С.
Ел бойынша ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжамынша, 10–12 наурыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Елдің солтүстік-шығысы мен орталығында қалың қар жаууы мүмкін, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде кей уақытта қатты жауын-шашын болады.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман мен көктайғақ күтіледі, ал солтүстік аймақтарда боран соғады.
Ауа температурасы көптеген облыстарда біртіндеп жоғарылайды.
Батыс және оңтүстік-батыс өңірлерде түнде −6…+2°С, күндіз 0…+10°С және +5…+13°С дейін жылынады.
Ал солтүстік және шығыс өңірлерде кей жерлерде түнде −30°С дейін суық болады. 12 наурызға қарай температураның біртіндеп көтерілуі болжанып отыр.
