Фото: orda.kz
Алматы облысындағы Көлсай көлдері ұлттық паркі аумағында туристік микроавтобус терең шатқалға құлап кетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқиға таулы аймақта болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шағын автобус шамамен 150 метр биіктіктен төмен сырғып кеткен. Абырой болғанда, көлік құлаған сәтте оның ішінде ешкім болмаған.
Төтенше жағдайдың салдарын жоюға Қазселденқорғау мекемесінің қызметкерлері жедел түрде жұмылдырылды. Ведомство мәліметінше, олар оқиға орнынан алыс емес жерде гидробекет салу жұмыстарын жүргізіп жатқан.
Құтқарушылар Алматы облыстық ТЖД күштерімен бірлесіп, жетуі қиын аймақта жатқан көлікті арнайы техника көмегімен шығарып алды.
Ресми мәлімет бойынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
