Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, Boxrec.com порталы нұсқасы бойынша рейтингте 761 орынға бір-ақ көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Вaq.kz порталына сілтеме жасап.
Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы өзінің алғашқы жекпе-жегінде колумбиялық Милтон Нуньесті нокаутқа жібергеннен кейін 7 ұпай алып, рейтингте 234-орынға орналасты. Айта кетейік, бұған дейін ол 995-орында тұрған еді.
Сондай-ақ, Қанат Ислам 80-орынға (бұрынғы рейтингте 96-шы болған), Жанқош Тұраров 180-орынға (230), Руслан Мырсатаев — 630-ға (699), Әли Ахметов 366-ға (406), Айдар Шәрібаев 294-ке (550) және Жұман Жұмабеков 1194-орынға көтерілді.