Фото: Notшcias paralelas/Twitter
Әлемдегі ең қарт адам деп танылған бразилиялық Сеу Жозе Паулино Гомес қайтыс болды, - деп хабарлайды gazeta.ru сайты.
"Ер адам 28 шілдеде Минас-Жерайс штатындағы Зона-да-Матадағы Педра Бонитада 127 жасында дүниеден озды. Сильвадағы жалғыз АХАЖ органының мәліметінше, 1917 жылы тіркелген неке туралы куәлігіне сәйкес, Жозе Паулино Гомес 1895 жылы 4 тамызда дүниеге келген. Оның 128 жасқа толуына бір апта ғана қалған", - делінген G1 порталындағы мәліметте.
Қарияның туыстарының айтуынша, Гомес ғұмыр бойы мал шаруашылығымен айналысқан, атпен саяхаттаған. Денсаулығына байланысты атқа мінуді төрт жыл бұрын ғана тоқтатқан.
Енді әлемдегі ең қарт адам - 116 жастағы испаниялық Мария Бранас Морера.