01 қаң, 2020 сағат 16:19

Әлемдегі барлық азық-түліктің үштен бірі қоқыс жәшігіне тасталады

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (ДАБ) деректері бойынша, ғаламшардағы барлық азық-түліктің үштен бірі қоқыс жәшігіне тасталады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" БҰҰ ресми сайтына сілтеме жасап.

Ғаламдық экономика осының салдарынан жыл сайын шамамен триллон доллар жоғалтады.

Әсіресе, тағамдарды молынан қоятын мерекелік күндердегі дастархандарда ысырапқы жол беріліп келеді. Ал ас қалдықтары қоқыс төгетін жәшіктерге тасталады.

ДАБ қызметкерлері мейрамханалар мен дүкендерді, сондай-ақ жұртшылықты артық ас әзірлемеуге, оны қоқысқа тастамауға шақырады.

БҰҰ әлемде жыл сайын 4 миллиард тонна азық-түлік шығарылатындығын, егер тиімді бөлінсе және орынды пайдаланылса, мұның ғаламшардың барлық тұрғындарына жететіндігін еске салады.