25 қаз, 2020 сағат 07:00

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 42,5 миллионнан асты

Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 42,5 миллионнан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы 25 қазан, сағат 09.24-тегі мәліметтер бойынша, әлем елдерінде коронавирус 42 млн 532 мың 198 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 1 млн 148 мың 943 науқас. 

Коронавирус бойынша ахуал өршіп тұрған мемлекеттер:

АҚШ - 8 575 069 

Үндістан – 7 814 682

Бразилия – 5 380 635

Ресей – 1 487 260 

Франция – 1 084 659 

Аргентина – 1 081 336 

Испания – 1 046 132 

Колумбия – 1 007 711 

Мексика – 886 800 

Перу – 883 116 

Ұлыбритания –857 043 

Оңтүстік Африка Республикасы – 714 246 

Иран – 562 705

Италия – 504 509 

Чили – 500 542 

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы мәліметтер соңғы рет 24 қазан күні сағат 15.02-де жаңартылған. Оған сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 42 млн 055 мың 863 адамды құрайды. 1 млн 141 мың 567 науқас қайтыс болды.

Коронавирусқа қатысты Қазақстандағы ахуал туралы ресми ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтының статистикасына сүйенсек, елімізде індет 110 мың 402 адамнан анықталды. Оның ішінде 105 мың 618-і жазылып шықса, 1796-сы қайтыс болды.