20 там, 2020 сағат 07:00

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 22,6 миллионнан асты

Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 22,2 миллионнан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Джонс Хопкинс университетінің ақпаратына сүйенсек, әлем елдерінде коронавирус 22 млн 262 946 адамнан анықталды. Оның ішінде адам 784 107 қайтыс болса, 14 млн 198 187 науқас сауығып шыққан. 

Коронавирус ең көп анықталған елдер

АҚШ - 5 525 235 

Бразилия - 3 407 354 

Үндістан - 2 767 273 

Ресей – 935 066 

Оңтүстік Африка Республикасы – 596 060 

Перу - 549 321 

Мексика - 531 239 

Колумбия - 489 122 

Чили - 390 037 

Испания - 370 867 

Иран - 350 279 

Ұлыбритания – 322 996 

Аргентина – 312 659 

Сауд Арабиясы – 302 686 

Пәкістан – 290 445 

Бангладеш – 285 091 

Франция – 256 534 

Италия – 255 278 

Түркия - 253 108 

Германия - 229 706 

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы соңғы статистикаға сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 21 989 366 адамды құрайды. 775 893 науқас қайтыс болған. 

Коронавирусқа қатысты ахуал туралы ресми ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтының мәліметі бойынша, Қазақстанда індет 103 815 адамнан анықталды. Оның ішінде 86 450-і індеттен айықса, 1415-і қайтыс болды.