21 қыр, 2020 сағат 06:20

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты

Соңғы мәлімет бойынша, әлемдегі коронавирус құрбандарының саны 959 мыңнан, ал вирусты жұқтырғандар 30 миллионнан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Әлемдегі инфекция жұқтырушылар саны 30 919 638-ға жетті. Көз жұмғандар 959 332-ге дейін өсті. Науқастардың ең көп саны АҚШ, Үндістан және Бразилияда тіркелген. 

Қауіпті вирус жұқтырғандар АҚШ-та 6 миллионнан, Үндістанда 5 миллионнан, Бразилияда 4 миллионнан асты.