Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 103 млн миллионнан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Джонс Хопкинс университеті сайтындағы мәліметке сәйкес, әлемде коронавирус 103 млн 835 мың 414 адамнан анықталды.
Оның ішінде 2 млн 251 мың 391 науқас қайтыс болған.
Коронавирусты жұқтыру жағдайлары ең көп тіркелген елдер: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ұлыбритания, Ресей.