11 мау, 2020 сағат 06:22

Әлемде алғаш рет толық электр ұшаққа сертификат берілді

Еуропалық аваиациялық қауіпсіздік агенттігі әлем бойынша алғаш рет толық электр ұшаққа сертификат берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

«Бұл – айрықша ұмтылыс. Авиациялық өнеркәсіп шу мен шығарындылар деңгейін төмендетуге, сондай-ақ авиацияның экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған жаңа технологияларға ұмтылады», - деп мәлімдеді агенттіктің атқарушы директоры Патрик Кай. 

Жеңіл екі орындық Velis Electro ұшағын словениялық Pipistrel өндірушісі жасаған. 

Қанатының ұзындығы 10,71 метр болатын әуе кемесі 185 км/сағ жылдамдықаен ұшады, ең жоғары салмағы 600 келі және 3,6 км биікке көтеріле алады.