02 жел, 2016 сағат 14:40

Әлем мұсылмандары қасиетті Қағбаны жабындысыз көрді (Видео)

Мекке шаһарындағы қасиетті Қағбаның қара түсті матамен көмкеріліп тұратынын барлығы жақсы білетін болар. Дегенмен, сол жабынды матаны (кисуа) жылына бір рет Зулхиджа айының 9-10 күндерінде ауыстыратыны жайлы ақпаратты көбінің біле бермесі анық.

Қасиетті Құран Кәрімде «жер бетіндегі алғашқы үй» деп ұлықталған Қағбаны жабулап қою үрдісі Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманына дейін де болған. Ал, Әз Елшінің заманында кисуа Иемен елінде дайындалған. Кейіннен Омар (р.а.) халифалығы тұсында кисуа Мысыр жерінде әзірленіп отырған. Сондай-ақ, ауыстыру уақыты да әртүрлі болған. Мысалы, әл-Мамун халифа кезінде Қағба жабындысы жылына үш рет жаңартылса, әл-Мутаваккиль тұсында әр екі ай сайын ауыстырып отырған.

Жабынды матаның ұзындығы – 41 метр. Қара түсті қатты матадан тігілетін жабынды жалпы сегіз бөліктен құралады. Мата бетіне алтын жіптермен «Әли Имран» сүресінің «Негізінен, адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй –(Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол» аяты жазылған. Және де қасиетті Құранның жеті сүресі жазылған.

Төмендегі видеода кисуа ауыстыру рәсімі кезінде байқаусызда Қағбаның «жалаңаштанып» қалған сәті көрсетіледі. Бұл оқиға 2015 жылы орын алған болатын.

muslim.kz