14 жел, 2020 сағат 18:45

Әлем бойынша Google, YouTube және Gmail-дың қызметінде ақау болды

Google компаниясының бірнеше сервисінде ақау пайда болды, деп хабарлайды CNBC сайты.

Бұл танымал интернет-ресурстарында ақаулар мен істен шығуды зерттейтін Downdetector сайтының мәліметінде көрсетілген. 

Көбіне америкалық қолданушылар шағымданған, олар сайтқа, жеке аккаунтына кіру кезінде қиындықтар болғанын жазған. 

Сондай-ақ Аустралия, Жапония, Ресей, Украина және Ұлыбританияда осы қиындықтар байқалған.