07 жел, 2020 сағат 15:44

Александр Мокин Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы атанды

Қостанайдың «Тобылында» ойнайтын Александр Мокин футболдан ҚР чемпионатының рекордын жаңартты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Тобыл» қақпашысы осы маусымда қақпасына гол жібермегендердің тізімін бастады. Александр Мокин он үш кездесудің онында қақпасын «құрғақ» ұстаған. Ендігі жылы 40 жасқа толатын Александр «Тобылдың» осы жылдағы негізгі қақпашысы болды. 

Үздік қақпашылардың екінші орынында «Тараз» ойыншысы Мұхамеджан Сейсен тұр. Ол 6 ойында гол жібермеген. Үздік үштікті «Қайраттың» қақпашысы Стас Покатилов қорытындылады. Сондай-ақ 6 кездесуді голсыз өткізгендердің қатарында қызылордалық Александр Заруцкий мен Мирослав Лобанцев («Қызыл-Жар») бар.

Айта кетейік, ҚР чемпионатының 2019 жылғы үздік қақпашысы Эмиль Балаев болған еді.