04 қар, 2020 сағат 09:08

Алдағы үш тәулікте күн жылынады

Синоптиктер 5-7 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы ауа райы сақталады. 

Тек еліміздің батыс, солтүстік-батыс өңірлерінде жаңбыр жауады, сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Ал республиканың қалған аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, жаңбыр жаумайды, күн ашық болады. 

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.