«Қазгидромет» РМК 18-20 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алдағы үш күннің синоптикалық жағдайы суық циклонмен анықталады.
Қазақстанның солтүстік жартысында күзгі температурамен бірге жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауылды жел тұрады, қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең жекелеген аумақтарда тұман болжанады. Күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендейді.
Республиканың оңтүстік өңірлерінде де өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура 22-30-дан 30-35 жылыға дейін көтеріледі», - деді синоптиктер.